Тоқаев: «ТМҰ-ның бірлігі нығаяды»
Тоқаев саммиттің ТМҰ бірлігін одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, ортақ жобалар туралы сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев бүгінгі саммиттің Түркі Мемлекеттері Ұйымының бірлігін одан әрі нығайта түсетінін айтты.
Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының мемлекет және үкімет басшыларының 11-ші саммитінде сөз сөйледі.
Тоқаев саммиттің ТМҰ бірлігін одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, «Түркі Мемлекеттері Ұйымы аз уақыт ішінде мәртебелі ұйымға айналды. Оның әлемдегі рөлі күшейді. Бұл бірлігіміз бен ортақ күшіміздің жетістігі», - деді.
ТМҰ-ға мүше елдер арасындағы сауда, қаржы, инвестиция және энергетика салаларындағы байланыстардың артқанына назар аударған Қасым- Жомарт Тоқаев «Түрік инвестициялық қоры тиімді жұмысын жалғастыруда. Мен мұны түркі әлемінің интеграциясын тереңдету жолындағы маңызды қадам деп бағалаймын», - деп хабарлады.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті «ТМҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық байланыстар соңғы 10 жылда нығая түсті. Сауда көлемі 45 миллиард доллардан асты. Бұл санды одан да арттыруға мүмкіндігіміз бар», - деді.
Елдер арасындағы сауданы дамытудың маңыздылығына тоқталған Тоқаев «Орта дәліздің мүмкіндіктерін түркі әлемінің экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін толыққанды пайдалану керек. Мұның үлкен стратегиялық маңызы бар. Сондықтан көлік дәліздеріне қатысты ортақ келісімге келу шарт. Ұйымға мүше елдер бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын», - деді.
Қасым- Жомарт Тоқаев қаржылық инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, мүше елдердің Түрік Орталық банктер кеңесін құру жөніндегі бастамаларының қолдау тауып отырғанын хабарлады.
Түрік өркениетінің жаңғыруында адам ресурстарының рөлі зор екеніне тоқталған Тоқаев осы тұрғыда дарынды жастардың әлеуетін ашу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Тоқаев өткен жылы Астанада өткен саммитте ТМҰ-ға мүше елдердің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу ұсынылғанын еске салып, осы аяда Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылғанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
«Сыр – түрік өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Көрмеге Қызылорда облысынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды.