«Түркия — бауырлас және стратегиялық серіктес»

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қырғызстан үшін Түркияның бауырлас және стратегиялық серіктес мемлекет екенін айтты.

2206875
«Түркия — бауырлас және стратегиялық серіктес»

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қырғызстан үшін Түркияның бауырлас және стратегиялық серіктес екенін айтты.

 

Қырғызстан Президенті Жапаров Бішкекке ресми сапармен барған Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында сөз сөйледі.

 

Түркияның Қырғызстан үшін бауырлас әрі стратегиялық серіктес мемлекет екенін ерекше атап өткен Жапаров: «Мен екі елдің және екі халықтың ортақ тағдырына сенемін», – деп мәлімдеді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейіне қанағаттанатынын білдірген Жапаров Түркиядағы компанияларды Қырғызстанда шағын және орташа гидроэлектр станцияларын орнатуға қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Жапаров әлемдегі өзгерістерге байланысты көлік және логистика мәселелерінің маңызының артып келе жатқанына тоқталып, Түркияға жететін Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол жобасының іске асырылып жатқанын хабарлады.

Түркияның медициналық жабдықтар мен жоғары сапалы дәрі-дәрмек өндірісі бойынша әлемдегі жетекші елдер қатарында екендігін атап өткен Жапаров Қырғызстанда дәрі-дәрмек зауытын салуды ұсынды.

Қырғызстан Президенті Жапаров сондай-ақ Анкара-Бішкек-Анкара әуе рейстерінің басталғанын еске салып, Қырғызстанда Түрік мәдениеті күндерін ұйымдастыруды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар