Қырғызстанда ТМҰ-ның 11-ші саммиті өтеді

Түркі Мемлекеттері Ұйымы мемлекет басшыларының 11-ші саммиті 6 қарашада Бішкек қаласында өтеді.

2205605
Қырғызстанда ТМҰ-ның 11-ші саммиті өтеді

Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) мемлекет басшыларының 11-ші саммиті 2024 жылдың 6 қарашасында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтеді. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында өтетін саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан президенттері қатысады. Сонымен қатар ТМҰ бақылаушылары, мемлекет және үкімет басшылары мен ТМҰ бас хатшысы да саммитке қатысады.

 «Түрік әлемін нығайту: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және барлығы үшін қауіпсіздік» деген ұранмен өтетін саммит ұйымның кең ауқымды күн тәртібіне қатысты жоғары деңгейлі талқылаулар үшін маңызды платформа болмақшы. Лидерлер маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, келісімдерге қол қойып, экономика, сауда, цифрлық трансформация, транспорт және қауіпсіздік саласындағы ТМҰ жобаларына қатысты ресми құжаттарды бекітеді.

Күн тәртібінде сондай-ақ мүше мемлекеттер мен бақылаушылар арасында әртүрлі салада көпжақты ынтымақтастыққа назар аударыла отырып, өңір мен одан тыс жерлерде саяси және экономикалық даму мәселелері бойынша талқылаулар жасалады. Лидерлер түрік әлемінің бірлігі мен дамуын одан әрі нығайту үшін ортақ қиындықтармен күресу және мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде пікір алмасады.

Саммит аяқталғаннан кейін кезекті төрағалық Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді. Қорытынды рәсім барысында мемлекет басшылары Бішкек декларациясын және бірнеше маңызды шешім қабылдайды.

Саммит алдында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер мен мемлекет басшылары қол қоятын құжаттарға соңғы түзетулер енгізу үшін Бішкекте жиналады.



Ұқсас жаңалықтар