Нуман Куртулмуш Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Сахибе Гафаровамен кездесті

Куртулмуш Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланған Гафарованы құттықтады.

2198513
Нуман Куртулмуш Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Сахибе Гафаровамен кездесті

 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Сахибе Гафаровамен кездесті.

Парламентаралық Одақтың 149-шы Бас ассамблеясы аясында Женева халықаралық конференция орталығында өткен кездесуде Куртулмуш Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланған Гафарова мен жаңадан сайланған депутаттарға сәттілік тілеп, құттықтады.

Түркия мен Әзербайжанның әр салада жақын қарым-қатынастарының арта түсуіне қуанышты екенін білдірген Куртулмуш аймақтық және жаһандық мәселелерде ортақ ұстанымда екендігін және халықаралық платформаларда үлкен ынтымақтастықпен әрекет ететіндерін мәлімдеді.

Екі елдің дамуы үшін екіжақты мүмкіндіктердің жұмылдырылғанын атап өткен Куртулмуш әсіресе Әзербайжанның 44 күндік Қарабах жеңісінен кейін Кавказдағы және аймақтағы тепе-теңдіктің өзгергенін көргендерін және мұның түрік әлемі үшін үлкен мүмкіндік туғызғанын айтты.

Куртулмуш Қарабахтың қысқа мерзімде азат етілуін, Зенгезур дәлізінің Әзербайжан, Түркия және аймақтағы басқа халықтардың пайдасына ашылуына тілекші екендерін білдірді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Гафарова да кездесу үшін ризашылығын білдіріп, құттықтаулар үшін алғыс айтты.

Түркия мен Әзербайжан халқының өзара байланысын, олардың әр саладағы күшті ынтымақтастығының арта беруін қамтамасыз ететінін айтқан Гафарова Әзербайжан мен Түркияның әр платформада бірге әрекет етуіне қуанышты екендіктерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар