Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанда
Абай Құнанбаев ескерткіші ашылып, екіжақты ынтымақтастық талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға барды. Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен екіжақты кездесу өткізді.
Бұл сапар аясында Ашхабадта Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад әуежайында түрікмен халқының Ұлттық Лидері Құрбанқұлы Бердімұхамедов қарсы алды.
Тоқаевтың ресми сапары Түрікменстан Халық Кеңесі Төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен өткізілген екіжақты кездесумен басталды.
Қазақстан Президенті ресми сапардың мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін айтты.
Тоқаев түрікмен басшысы мен халқына Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына байланысты арнайы берілген медальмен марапаттағаны үшін алғыс білдірді.
Кездесуде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.
Екі лидер ресми сапар кезінде Ашхабадта Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылуына қатысты. Ашылуға Түрікменстанның зиялы қауымы мен Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері қатысты. Сонымен бірге Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кездесіп, екіжақты және делегацияаралық келіссөздер өткізді.
Кездесудің соңында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту үшін бірге жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрік Мемлекеттері Ұйымының естелік монетасы басылды
Монетаны 11-ші саммиті барысында президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшыларына сыйға тартты.