Бішкекте Цифрлық форум өтті
Форумда Түркі Мемлекеттері Ұйымының жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерді талқыланды.
Қырғызстан астанасы Бішкекте Түркі Мемлекеттері Ұйымының (TМҰ) жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерді талқылап, тәжірибелерді ортаға салатын Цифрлық форум басталды.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың басшылығында Қырғызстан Цифрлық даму министрлігі ұйымдастырған екі күндік форумға мемлекеттік қызметкерлер, жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар, дипломаттар, бизнес өкілдері, ғалымдар мен IT саласының өкілдері жиналды.
Форумға Қырғызстан Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Еділ Байсалов, Қырғызстанның Цифрлық даму министрі Нурия Кутнаева, Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садык Доган қатысты. Сондай-ақ «Түрік Технология командасы» қорының өкілетті кеңес төрағасы Селчук Байрактар спикер ретінде қатысты.
Байсалов Қырғыз үкіметінің жасанды интеллект элементтерін зерттеп, жүзеге асыруға кіріскенін білдірді. «Бұл цифрлық форумда түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект саласындағы тәжірибелерін үйренгіміз келеді» деді ол.
Бас хатшы Өмірәлиев «Түркі мемлекеттерінің инновациялық болашағын қамтамасыз ету үшін қоян-қолтық жұмысты жалғастырайық, ортақ көзқарастарымызды бөлісейік және байланыста болайық» деді.
«T3» қорының өкілетті кеңес төрағасы Байрактар да цифрлық форумда түрік авиация саласында бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар мен Байкардың қызметі және «Түрік технология» қоры жүргізген ұлттық технология жобалары туралы айтты.
Жасанды интеллекттің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталған Байрактар «Түрік Технология» тобы түрік тілінің үлкен «T3 AI» моделін әзірлегенін білдіріп, «мүмкін бұл жүйе осы жылы қолданысқа енеді. Біз қолжетімді болуын қалаймыз. Біз мұны түрік әлеміне тарата аламыз» деді.
Форум аясында Қырғызстанда жасанды интеллектпен дайындалған цифрлық өнімдер мен мемлекеттік қызметтер таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда ТМҰ-ның 11-ші саммиті өтеді
Түркі Мемлекеттері Ұйымы мемлекет басшыларының 11-ші саммиті 6 қарашада Бішкек қаласында өтеді.