Қазақстан мен Катар әскери серіктестік орнатуда

Қазақстан мен Катар әскери ынтымақтаcтығының құрылуына қатысты заң жобасы бекітілді.

2196650
Қазақстан мен Катар әскери серіктестік орнатуда

 
Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастығының құрылуына қатысты заң жобасын бекітті.   
Мәжіліс депутаттарының Катар үкіметімен әскери салада ынтымақтастықты қарастыратын заң жобасын бекіткені хабарланды.  
Тараптар 2023 жылғы 12 желтоқсанда Дохада қол қойылған келісім шеңберінде әскери оқыту, мамандану және медицина салаларында бірлескен іс-шаралар жүргізуді талқылады.
Хабарламада келісім аясында бейбітшілік операциялары бойынша ақпарат алмасу бағдарламалары мен мәдениет және спорт шараларының өткізілуі жоспарланғаны айтылды.  
Бұл жоспарлардың екі елдің министрліктерінің құратын жұмыс тобы арқылы жүзеге асырылатыны жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар