Путин мен Әлиев кездесті
Путин екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң дамып келе жатқанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
Владимир Путин Кремль сарайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) басшылары саммиті аясында Ильхам Әлиевпен кездеспей тұрып баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады. Путин Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың оң дамып келе жатқанын айтты.
Екі ел арасындағы сауда көлемінің 4,3 миллиард доллар, Ресейдің Әзербайжандағы тікелей инвестициясының 4 миллиард доллардан астам екенін атап көрсеткен Путин энергетика саласында да, инфрақұрылымды дамытуда да жобалар бар екенін білдірді.
Ресей басшысы «Жобалардың барлығы перспективалы, барлығы нақты, өміршең жобалар» деді.
Әзербайжан президенті Әлиев Путиннің Әзербайжанға сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынастардың динамикасының үлкен назар аударғанын атап өтіп, шешімдердің жүзеге асырылуы аясында түрлі мекеме өкілдері мен үкімет мүшелері деңгейінде көптеген кездесу болғанына назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркі Мемлекеттері Ұйымының 11-ші саммиті өтті
Бішкек қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымы мемлекет басшыларының 11-ші саммиті өтті.