Қазақстандық танымал виолончельші Бағжан Октябрь Түркияда
«Стамбул мәдениет жолы» фестивалі аясында Ататүрік мәдениет орталығында концерті өтті.
Қазақстанның танымал музыканты, виолончельші Бағжан Октябрь «Стамбул мәдениет жолы» фестивалі аясында Ататүрік мәдениет орталығында өнерсүйер қауыммен кездесті. Бишілермен өнер көрсеткен виртуоз виолончельші өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Концерт алдында мәлімдеме жасаған Бағжан Октябрь өнерлі отбасынан шыққанын, әжесінің сопрано дауыс иесі, әкесінің Қазақстанның танымал әншісі екенін, ал қарындасының оған ән жазатынын айтты. Жас музыкант университет қабырғасында жүргенде түрік телехикаяларын көп көріп, телехикаялар арқылы түрік тілін үйренгенін мәлімдеді.
Түрік аудиториясының ыстық ықыласына ризашылығын білдірген танымал виолончельші «Маған Түркиядан келетін әдемі пікірлер қатты ұнайды. «Instagram» және «YouTube» сайттарындағы видеоларыма түркиялықтар көп пікір қалдырады. Қатты қуаныштымын. Басқа елдердегі тыңдармандар жүрек, эмодзилер ғана жібереді» деді.
Жас музыкант өткен маусымда Түркияда 16 концерт бергенін және жақын арада ашық аспан астында концерт өткізгісі келетінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда ТМҰ-ның 11-ші саммиті өтеді
Түркі Мемлекеттері Ұйымы мемлекет басшыларының 11-ші саммиті 6 қарашада Бішкек қаласында өтеді.