Батыс Ауғанстандағы фермерлерге қолдау

IOFS- ның Астана штабы және TIKA Батыс Ауғанстандағы фермерлерге қолдау көрсетті.

2193490
Батыс Ауғанстандағы фермерлерге қолдау

Штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп жүзеге асырған жобада жер сілкінісінен зардап шеккен Батыс Ауғанстандағы фермерлерге қолдау көрсетті.

Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) Қазақстан үкіметінің қолдауымен және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) әріптестігімен алдынғы жылы жер сілкінісінен ауыр зардап шеккен Батыс Зиндежан аймағындағы фермерлерге қолдау көрсету науқанын өткізді.
Өңірдегі бидай өндірісін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобада аймақтағы диқандарға 15 тонна жақсартылған бидай тұқымы, 15 тонна DAP тыңайтқышы және 30 тонна карбамид тыңайтқышы таратылды. 2024 жылғы егіс науқанына дейін механикаландыруды арттыру және бидай егу процесін оңтайландыру мақсатында 2 трактор сатып алынды, 4 соқа, 2 тіркеме, 2 астық жинайтын машина және 2 комбайн берілді.
Гератта ұйымдастырылған бағдарламаға Түркияның Герат Бас консулы Др. Синан Илхан, TIKA Герат бағдарламасының координаторы Арафат Дениз, Ауғанстан-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Арман Есентаев және Герат губернаторлығы мен Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және ирригация министрлігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Зиндежандық фермерлер берілген қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. IOFS гуманитарлық операциялар жөніндегі менеджері Эмре Юксек болса «Бұл бастама бидайдың құн тізбегі моделін Ауғанстанның басқа аймақтарында таратудағы маңызды кезең» деді.



Ұқсас жаңалықтар