Түркі әлемінің туристік астанасы ̶ Жалалабад
Бұл туралы қарар Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер туризм министрлерінің 52-ші отырысында қабылданды.
Түркі Мемлекеттері Ұйымына (TМҰ) мүше елдер туризм министрлерінің 52-ші отырысында Қырғызстанның Жалалабад қаласы 2025 жылдың «Түркі әлемінің туристік астанасы» болып жарияланды.
Жалалабад қаласында Қырғызстан Туризм департаментінің басшысы Мақсат Усубалиевтің ұйымдастыруымен өткен кездесуге TМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
Жиында Жалалабад қаласы 2025 жылдың «Түрік әлемінің туризм астанасы» болып таңдалып, келесі жылы қалада өтетін іс-шаралардың жоспары қабылданды.
Қырғызстанның оңтүстігінде орналасқан үшінші мегаполис Жалалабад бай пайдалы қазбаларымен, жаңғақ, күріш түрлерімен және түрлі жемістерімен назар аударады.
Ұқсас жаңалықтар
Түрікменстанның ынтымақтастық қадамдары
Қасым- Жомарт Тоқаев Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.