Қазақстан президенті Түркия Қорғаныс министрін қабылдады
Кездесуде екі ел арасында қауіпсіздік саласындағы тақырыптар қолға алынды.
ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қабылданды.
Қазақстан Президенттік аппаратының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Тоқаев пен Гүлер Астанада Ақордада кездесті.
Кездесуде екі ел арасында қауіпсіздік саласындағы тақырыптар қолға алынды.
Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Түркия арасында қарым-қатынастың екіжақты және жан-жақты жетілгенін айтты. Ол президент Режеп Тайып Ердоғанға игі тілектерін жеткізіп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық және серіктестіктің нығая түсуінің маңыздылығына тоқталды.
Министр Гүлер де Түркияның Қазақстанмен қатынастарын сенім және өзара қолдау рухымен тереңдетуге табанды екенін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Ғылым және тілдің көпірі: Түркологияда жаңа кітаптар
Қазақстанда Халықаралық Түркі академиясы жариялаған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.