Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерді қабылдауға дайын
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан президенті Касым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келіссөздерді қабылдауға дайын екені хабарланды.
Әзербайжан президенттік аппаратының мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан президенті Касым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.
Телефон әңгімесі барысында Тоқаев Әлиевті 1 қыркүйекте өткен парламенттік сайлаудағы «Жаңа Әзербайжан» партиясының жеңісімен құттықтап, Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келіссөздерді Қазақстанда өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Әлиев те келіссөздерді Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс Әзербайжан үшін қолайлы екенін атап өтті.
Тоқаев пен Әлиев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Түрікменстанның ынтымақтастық қадамдары
Қасым- Жомарт Тоқаев Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.