Астанада Түркия-Қазақстан екіжақты саяси консультациялық кездесуі өтті
Түркия мен Қазақстан стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға келісті.
Қазақстанның бас қаласы Астанада Түркия мен Қазақстан арасында екіжақты саяси консультациялық кездесу өтті.
Екіжақты саяси консультациялық жиналысқа Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз бен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев төрағалық жасады.
Аталған консультациялар шеңберінде тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Саяси өзара іс-қимылға талдау жасалып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалар қарастырылды. Атап айтқанда түрік тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобаларға инвестиция салуға мүдделі екендігін білдірді.
Сондай-ақ делегация басшылары ғылым және білім, ақпараттық технологиялар және медицина салаларында өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ортақ мүдделілік танытып, 2024 жылға жоспарланған жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.
Делегациялар Түркі Мемлекеттері Ұйымы аясындағы тығыз және тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растап, Ұйымның міндеттері мен мақсаттарын тиімді іске асыру үшін тиісті тетіктер мен регламенттерді іске қосудың қажеттілігін атап өтті.
Консультациялар қорытындысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи бауырластық және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар
Ғылым және тілдің көпірі: Түркологияда жаңа кітаптар
Қазақстанда Халықаралық Түркі академиясы жариялаған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанда
Абай Құнанбаев ескерткіші ашылып, екіжақты ынтымақтастық талқыланды.