Астанада «Түрік әлемі жастарының әлем мәдениетіндегі рөлі» панелі өтті

Билал Ердоған V Дүниежүзілік көшпенді ойындары аясында Астанаға барды.

2185020
Астанада «Түрік әлемі жастарының әлем мәдениетіндегі рөлі» панелі өтті

Қазақстандағы V Дүниежүзілік көшпенді ойындарын қадағалаған Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы (WEC) төрағасы Билал Ердоған «Күшті бір түркі әлемі Ислам әлемімен ынтымақтаса отырып Израильдің Газа секторында жасаған адамзатқа қарсы қылмыстың алдын алар еді» деді.

Ойындар өтетін бас қала Астанада «Түркі әлемі жастарының әлем мәдениетіндегі рөлі» тақырыпты панельде сөз сөйлеген Ердоған Түркі әлемі мен Ислам әлемінің интеграциялық түрде бірге одан әрі дамитынын білдірді.

Ердоған түркі әлемін нығайтуға шақырып, «Күшті бір түркі әлемі Ислам әлемімен ынтымақтаса отырып, Израильдің Газа секторында жасаған адамзатқа қарсы қылмысты жасауының алдын алар еді» деді.

Ердоған түркі әлемінің мәдени байлығының көшпенді ойындарының арқасында сақталғанын атап өтті.

«Түркі мемлекеттерінің әлеуеті зор» деген Ердоған «Түркі жастарының түркі әлемін ортақ болашақты бөлісу көзқарасымен ортақ жағрапиясы ретінде қарастыру керек» деді.

Қазақстанның бас қаласы Астанада 90-ға жуық елден 2 мыңнан астам спортшы қатысқан V Дүниежүзілік көшпенді ойындары кеше ашылу салтанатымен басталды.

«Әлемдегі дәстүрлі спорттардың олимпиадасы» ретінде 2 жылда бір өтетін V Дүниежүзілік көшпенді ойындары Қазақстанның бас қаласы Астанада «Ұлы Дала Дүбірі» ұранымен 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

V Дүниежүзілік көшпенді ойындары аясында ат спорттарынан бастап, дәстүрлі зияткерлік ойындары, жекпе-жек, күрес, ​​садақ ату және құсбегілік сияқты 21 дәстүрлі спорт саласы бойынша жарыстар өтеді. Дүниежүзілік көшпенді ойындары кезінде Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар