"Мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары деңгейде"

Мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары деңгейде

2182860
"Мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары деңгейде"

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шешілмеген бірқатар экономикалық мәселелерге тоқталды. Мемлекеттік компанияларды басқаруға және мемлекетке қайтарылатын активтерді «заңсыз» деп танымау туралы норманы бекітуге болатынына тоқталған президент мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары екенін атап өтті. Мұндай ахуал нарықтағы теңдік шарттарын бұзып, жеке бастамаларға тосқауыл болатынын айтты.

Тоқаев: «Елімізде мемлекеттік кәсіпорындарды басқару саясаты әлі де тиімсіз екенін мойындаған жөн. Олардың мақсат-міндетін, қызмет аясын, қаржыландыру тәсілдерін және жұмысының басқа да тұстарын тиісті заңдармен реттеу қажет. Сонымен бірге холдингтер мен Үкіметтің арасындағы қаржы мәселелеріне қатысты ұстаным тұрақты әрі жүйелі болуға тиіс» – деді. Бизнес саласында жүргізілген реформалардың табысты екенін атап өтіп, әлі шешімін таппай келе жатқан мәселелерге де назар аударды. «Реформаның бірінші кезеңінің өзінде орынсыз әрі қажетсіз 10 мыңнан астам талаптың күші жойылды. Оның бәрі кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтірген еді. Алайда кәсіпкерлерден мемлекеттік органдардың шектен тыс қадағалап, бақылайтыны туралы шағымдар әлі де түсіп жатыр» - деді ол.

Президент: «Тиісті реестрге енгізілген кәсіпкерлермен келісім жасаған кезде мемлекетке қайтарылатын активтерді «заңсыз» деп танымау туралы норманы бекітуге болады. Бұл – шын мәнінде, ірі кәсіп иелерінің мүддесіне сай келетін маңызды қадам. Бірақ кәсіпкерлер де қаржыны республикалық бюджетке аудару мәселесіне келгенде Үкіметпен және Бас Прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеуге тиіс. Бұл – әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еркімен жасау керек деген сөз. Олар осы елдің азаматы ретінде мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың «алтын тізіміне» жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме басқаша болады» -деді.



Ұқсас жаңалықтар