Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенді ойындарына дайындалуда

Түркиядан 9 спорт саласы бойынша 120 спортшы қатысады деп жоспарланды.

2182786
Қазақстан  V Дүниежүзілік көшпенді ойындарына дайындалуда

Қазақстан 8 қыркүйекте басталатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындарына дайындалуда.

Астанада Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған да қатысатын ойындарға Түркиядан 9 спорт саласы бойынша 120 спортшы қатысады деп жоспарланды.

8-11 қыркүйек аралығында Қазақстанның елордасы Астанада V Дүниежүзілік Көшпенді ойындары өтеді.

Қазақстанда алғаш рет өтетін ойында спортшылар 21 жарыс түрінен 97 медаль үшін сайысады. Ат спортына қатысатын Қазақстан құрамасы дайындықтарын аяқтап жатыр.

 Аударыспақтан қазақ құрамасының жаттықтырушысы Жанбатыр Бекмұсаев «Біз дайындықтың 6-шы кезеңіндеміз. Сәуір айынан бастап дайындалып жатырмыз. Аударыспақ ойынында біздің спортшылар ат үстінде күреседі. Ойынға 6 салмақ дәрежесінде 6 ойыншымыз қатысады» деді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындарына 89 елден барлығы 2800 азамат пен ресми делегация мүшелері қатысады. Ойындарға Түркиядан 9 спорт саласы бойынша 120 спортшының қатысатыны белгілі болды.

Астана ипподромында шетелдік БАҚ өкілдеріне көкпар, ат күресі және жамбы ату спорт түрлері таныстырылды.

Дүниежүзілік көшпенді ойындарына жамбы ату ойынына 27 елден 80-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық жарыс аясында 150-ден астам мәдени шара жоспарланған.



Ұқсас жаңалықтар