Түркиялық ерлі-зайыпты көшпенділер ойынына аттанды

Олар «Ораларнерелер» атты өз әлеуметтік желісінен басынан кешкендерін бөліседі.

2180454
Түркиялық ерлі-зайыпты көшпенділер ойынына аттанды

Қазақстанның ұйымдастыруымен өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындары заманауи көшпенділер рухын жалғастырушылар мен шытырман оқиға әуесқойларының назарындағы орталыққа айналды. Олардың бірі  ̶ Идил және Бурак Дуран ерлі-зайыптылар. Шытырман оқиғаларға әуесқой Идил мен Бурак Дуран 2 жасар ұлы Гүнеш Кутлуханмен бірге 1982-ші жылғы автобустарында тоғыз айдан бері тұрып жатыр. «Көшпенді» деп аталған автобустарымен көбінесе ел ішінде саяхаттап, «Ораларнерелер» атты өз әлеуметтік желісінен басынан кешкендерін бөліседі.

Олар аталмыш іс-шараға Қазақстаннан арнайы шақырту алып, 5 мың 400 км қашықтықтағы Астанаға жету үшін Анкарадан жолға шықты.  Дуран отбасы Анкара-Астана сапарын Грузия-Ресей-Татарстан арқылы жүріп өтуді жоспарлайды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін Астана бағытына жол алған отбасының тілегі  ̶  Орталық Азияны толық аралап танысу және таныстыру.



Ұқсас жаңалықтар