Мәдениет министрі Өзбекстанда

Мехмет Нури Ерсой Ташкентте Озодбек Назарбековпен кездесті.

2180856
Мәдениет министрі Өзбекстанда

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ресми сапармен Өзбекстанға барып, Ташкентте Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті.

Министр Ерсой Түркияның мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және консервациялау үшін жоғары жабдықталған зертханалары бар екенін айтып, “Реставрация мен консервациядан бөлек, екі елдегі тарихи ескерткіштердің жер сілкінісіне төзімділігі сияқты мәселелер бойынша Өзбекстанмен тәжірибе алмасуға дайынбыз» - деді.

Ерсой Түркия мен Өзбекстан мәдениеттерінің тарих бойы бір-біріне әсер еткенін, бұл бай мұраны сақтау үшін ортақ мәдени шаралар ұйымдастыруды, бірлескен көрме мен фестивальдерді ынталандыруды, оқыту және сарапшылар алмасу бағдарламаларына қатысты қадамдар жасауды жоспарлағандарын айтты.

Ол сонымен бірге Өзбекстан мәдениет күндерінің Түркияда 2021 жылдың соңында өткенін еске салды. «2025 жылдың аяғында Түркияның Өзбекстанда осындай мәдени фестиваль ұйымдастыруын жоспарлап отырмыз» -деді ол.

Өзбекстанның Түркиядағы «Мәдениет жолы» фестивальдеріне де қосылуы мүмкін екенін айтқан Ерсой мұндай жобаларды нақтылау үшін пікір алмасудың және мүмкін болатын ынтымақтастықтарды техникалық деңгейде талқылаудың өте маңызды екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар