Мирзиеев жеке куәлікпен шекарадан өту режимі ұсынысы
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі өтті.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шекарадан жеке куәлікпен өту режимін ұсынды.
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі өтті.
Консультативтік кездесуде сөйлеген Мирзиеев туризмнің аймақтық серіктестіктің жаңа қозғаушы күші екенін атап көрсетті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Бір тур – бүкіл өңір» қағидаты бойынша жаңа бұқаралық туризм өнімдерін жетілдіруді ұсынды.
Өзбекстан басшысы соңғы алты жылда Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мәселелерді шешудегі ынтымақтастығының айтарлықтай артқанын сауда, инвестиция, тасымалдау, саяхат сияқты салаларда жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында ортақ аймақтық бірегейлік нығайып келе жатқанын айтты.
2023 жылдың 1 қыркүйек күнінен бастап, Қырғызстан және Өзбекстан арасында бұған ұқсас бір жүйе жұмыс істейді. Екі елдің азаматтары шекарадан төлқұжаттың орнына жеке куәлік арқылы өте алады.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті
Кездесуде көпқырлы ынтымақтастық, жасыл энергетика, логистика, «Орта дәліз» мәселелері қарастырылды.
Әзербайжаннан Ресейге наразылық нотасы
Шешенстанда ұсталған үш Әзербайжан азаматына байланысты наразылық нотасын жолдады.