Түрікменстан авиакомпаниясының командасы Түркияда оқиды
Түрікменстан Әуе жолдарымен келісім жасалды.
Түрік Әуе мекемесі Университетінің ректоры Рахми Ер Түрікменстан авиакомпаниясы, сонымен бірге басқа бауырлас елдердің ұшу экипажын оқыту үшін жоспар жасалғанын білдірді.
Ол университтің елдегі авиация және ғарыш білімін беретін жалғыз университет екенін айтты. Оның айтуынша 2011 жылы ашылған университетте авиация, ғарыш білімдері негізінде қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған білім берілетінін айтты.
Ректор қорғаныс саласындағы түрік компанияларымен бірге осы саланың жеке меншік фирмаларына да сапалы маман дайындайтындарын білдірді.
Түрік Әуе мекемесі Университетінің ректоры Түрікменстан Әуе компаниясымен пилот оқыту мақсатында келісімге келгендерін атап өтті. Ол алғашқы топтың биыл білім ала бастайтынын білдірді.
«Осы саланың мұқтаждықтарына орай алдағы процесте Түрікменстан Әуе жолдарының борт қызметкерлері, жердегі қызметкерлер секілді барлық мұқтаж мамандарын дайындайтын боламыз. Ливия үшін де маман дайындау процесіміз басталды» деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Миграциялық келісімге қол қойылды
Бұл туралы Германия Ішкі істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жасады.