Тоқаев пен Бердімұхамедов сөйлесті
Басшылар Қазақстан президентінің биыл Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда, мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті
Кездесуде көпқырлы ынтымақтастық, жасыл энергетика, логистика, «Орта дәліз» мәселелері қарастырылды.
Әзербайжаннан Ресейге наразылық нотасы
Шешенстанда ұсталған үш Әзербайжан азаматына байланысты наразылық нотасын жолдады.