Стамбулда "Домбыра күні" атап өтілді

Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығы Стамбулда  «Ұлттық домбыра күнін» атап өтті.

2160467
Стамбулда "Домбыра күні" атап өтілді
Dombra_Kazakistan_Başkonsolos_İstanbul_KZ_kazakça

Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығы Стамбулда  «Ұлттық домбыра күнін» атап өтті.

Абай алаңындағы шарада алдымен Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қазақстанның Стамбулдағы бас консулы Нұриддин Аманқұл осында сөйлеген сөзінде домбыраны қазақ халқының мұрасы ретінде келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Шілде айының бірінші жексенбісінің «Домбыра күні» ретінде тойланатынын айтқан Аманқұл Стамбулдың Зейтинбурну мен Багжылар аудандарында ашылған домбыра курстарына қызығушылықтың зор екенін атап көрсетті.

Шарада  домбыра курсында оқитын оқушылар шағын концерт қойды.

Аталмыш шараға Зейтинбурну ауданының әкімі Адем Услу, қала әкімінің мәдениет және туризм жөніндегі орынбасары Мүмин Йылдызташ, Зейтинбурну әкімінің орынбасары Сафет Өз, сондай-ақ Қазақстан және Түркия азаматтары қатысты.



Ұқсас жаңалықтар