Қазақстанда «Бірлестік-2024» халықаралық аймақтық оқу-жаттығулары өтуде

Маңғыстау облысында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштері  бірлесіп машықтанады.

2160534
Қазақстанда «Бірлестік-2024» халықаралық аймақтық оқу-жаттығулары өтуде

Қазақстанда «Бірлестік-2024» атауымен басталған халықаралық аймақтық оқу-жаттығулар өтуде. Жаттығуда Маңғыстау облысында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштері  бірлесіп машықтанады.

ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәлімдемеде оқу-жаттығу Қазақстанның «Оймаша» жоталары мен Тоқмақ маңындағы теңіз аймағында өтетіні айтылған.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша аймақта болады деп болжанған қарулы қақтығысты әскери бөлімшелер бақылауға алуды көздейді.

4 мың әскери қызметкер мен 700 қару-жарақ пен әскери техника қолданылатын оқу-жаттығуда құрлық және әуе барлау топтары, армия және майдандық авиация бөлімшелері, теңіз күштерінің арнайы жасақтары, артиллерия және танк бөлімшелері жаттығу жүргізеді.

17 шілдеге дейін жалғасатын оқу-жаттығу аясында әскери спорттық жарыс, «Бағдар» тактикалық барлау және оқ ату жарыстары өтеді.

 

Сурет "ҚазАқпарат" агенттігінің парақшасынан алынды. 



Ұқсас жаңалықтар