Бірлесіп мұнай өңдейді

Баткен облысында қырғыз-түрік серіктестігінде мұнай өңдеу зауыты құрылады.

2160515
Бірлесіп мұнай өңдейді

Қырғызстанның Баткен облысында қырғыз-түрік серіктестігінде мұнай өңдеу зауыты құрылады.

Қырғызстан Энергетика министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда министр Таалайбек Ибраев Баткен облысының Кадамжай ауданы Көк-Талаа ауылындағы мұнай өңдеу зауытының құрылысын тексеріп, өкілетті тұлғалардан ақпарат алды.

Компания өкілдері Қырғызстан мұнай және табиғи газ мемлекеттік корпорациясы (Қырғызтранснефтегаз) мен «Қырғыз-түрік K-Petrol» газ компаниясының тәулігіне 500 тонна шикі мұнай өңдеуге қабілетті мұнай өңдеу зауытының қыргүйек айы соңында іске қосылуы жоспарланғанын  білдірді.

Өкілетті тұлғалар қазір 41 қырғыз және 10 түрік сарапшысы жұмыс істеп жатқанын, инвестицияның жалпы құны 91 миллион долларды құрайтынын, құрылыстың 90 пайызы аяқталғанын, 4 мұнай ұңғымасында жөндеу-дайындық жұмыстарының жалғасып жатқанын және қажетті рұқсаттардың алынғанын атап көрсетті.

Қырғыз-түрік «K-Petrol» газ компаниясы 2023 жылы 23 наурызда «Тундук Сох» және «Чонгара Галча» мұнай кен орындарын бірлесіп пайдалану үшін құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар