Шушада бас қосады

Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары Шуша қаласында өтетін бейресми саммитте бас қосады.

2159810
Шушада бас қосады

Түркі Мемлекеттері Ұйымына (TМҰ) мүше елдердің мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары ертең Әзербайжанның Шуша қаласында өтетін бейресми саммитте бас қосады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұсынысымен өтуіне шешім берілген саммитке Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның президенттері мен жоғары лауазымды тұлғалары қатысады. Түркия атынан вице-президент Джевдет Йылмаз қатысатын саммитке ТМҰ бақылаушы елдері Түрікменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) және Венгрияның басшылары да келеді.

Саммитте көшбасшылар Орталық дәлізді және басқа да көлік байланыстарын нығайту мәселесін және Әзербайжанда 11-22 қарашада өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (COP 29) Конференциясына дайындық мәселелерін талқылайды.

Саммитте мемлекет басшылары Қарабах декларациясына қол қояды, онда ТМҰ жобаларына қатысты кейбір құжаттар бекітіледі.

Саммит басталмас бұрын ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі Шушада жиналып, саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер мен мемлекет басшылары қол қоятын құжаттарды пысықтайды.



Ұқсас жаңалықтар