ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының 24-ші саммиті басталды

Қазақстанның елордасы Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының 24-ші саммиті басталды.

2159275
ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының 24-ші саммиті басталды
sio zirve astana1.jpg
sio zirve astana.jpg

Қазақстанның елордасы Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының 24-ші саммиті басталды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен «ШЫҰ+» форматында өтіп жатқан саммит Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысымен өтуде.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен саммитке Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Иранның уақытша президенті Мухаммад Мухбир, Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманьям Джайшанкар, Беларусь президенті Александр Лукашенко және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қатысуда.

Баспасөзге жабық өткен отырыс алдында мемлекет басшылары Беларусьті ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі етіп сайлау туралы шешімге қол қойды. Осылайша, Беларусь ШЫҰ-ның 10-шы мүшесі болды.

Президент Режеп Тайып Ердоған «ШЫҰ+» саммитінде «Көпжақты диалогты нығайту: тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» атты баяндама жасайды.

Саммит соңында Қазақстан кезекті төрағалық қызметін Қытайға тапсырады.



Ұқсас жаңалықтар