Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс

Армян әскерлері шекарада күзет қызметіндегі Әзербайжан сарбазын жаралады.

2101571
Әзербайжан-Армения шекарасында қақтығыс

Армениядан атылған оқтың салдарынан шекарада күзет қызметін атқарған бір Әзербайжан әскерінің жаралануымен Әзербайжан «тойтару операциясы» жасады.

Әзербайжан Мемлекеттік шекара қызметі мәлімдемесінде кеше Арменияның арандатуына шекара қызметтің «тойтару операциясы» жасап жауап қайтарғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Әзербайжан сарбаздарына оқ атылған позицияның толығымен жойылғаны және армян әскерлерінің шығынға ұшырағаны атап көрсетілді.

Арменияның арандатушылықтарына бұдан кейін одан да салмақты және табанды шаралармен жауап қайтарылатыны атап көрсетілген мәлімдемеде оқиғаның жауапкершілігінің Арменияның әскери және саяси әкімшілігінде екені тілге тиек етілді.

Армения Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде оқиғада алғашқы мәліметтер бойынша 2 әскердің қаза тапқаны білдірілді.

Зенгилан қаласының Коллукышлак ауылы бағытындағы Әзербайжан позицияларына кеше Кафан қаласының Неркин-Анд ауылындағы армян позицияларынан оқ атылып, бір Әзербайжан сарбазы жараланған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар