Өзбекстан халқының саны артты

1 қаңтарда 36 миллион 800 мыңға жақындады.

2095219
Өзбекстан халқының саны артты

Өзбекстан халқының саны 1 қаңтарда 36 миллион 800 мыңға жақындады.

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарында 36 миллион 24 мың 946 болған елдің халқы өткен жылы 2,2 пайыз артып, 2024 жылдың 1 қаңтарында 36 миллион 799 мың 800-ге жетті.

Осы мәліметке қарағанда, ел халқының 18 миллион 768 мың 500-і қалада, 18 миллион 31 мың 300-і ауылдық жерлерде тұрса, халықтың 18 миллион 525 мыңы ерлер, 18 миллион 274 мың 800-і әйелдер.

2023 жылдың 1 қаңтарында 20 миллион 505 мың 600 болған елдегі жұмыс істейтіндер саны былтыр 205 мың 300 адамға артып, 2024 жылдың 1 қаңтарында 20 миллион 710 мың 900-ге жетті.

Халық тығыздығы ретінде көрсетілетін «шаршы километрге шаққандағы адам саны» өткен жылы ел бойынша 2022 жылмен салыстырғанда 1,8 адамға өсіп, 82 адамға жетті.

2023 жылы Өзбекстанда бала туу көрсеткіші  де алдынғы жылмен салыстырғанда 3,2-ге артты.

Былтыр Өзбекстанға 2 мың 955 адам көшіп келсе, 17 мың 336 Өзбекстан азаматы елден кеткен.



Ұқсас жаңалықтар