Пашинян елінің Әзербайжанмен келіскенін айтты
Пашинян «Сонымен бірге екі ел «түрлі дипломатиялық тілде сөйлескендіктен бірін-бірі түсінуде қиыншылық шегеді» деді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің бейбітшілік үшін қажетті принциптерде Әзербайжанмен келісімге келгенін айтты.
Арменияның бас қаласы Ереванда өткен Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық парламентар ассамблеясының беташарында сөз сөйлеген Пашинян «Сонымен бірге екі ел «түрлі дипломатиялық тілде сөйлескендіктен бірін-бірі түсінуде қиыншылық шегеді» деді.
Пашинян екі ел арасындағы Таулы Қарабах салдарынан созылған және жақын уақытқа дейін шешілмеген дағдарыстың шешілгенін атап көрсетті. Пашинянның осы сөздерінің Арменияның Әзербайжанға қарсы БҰҰ-ның Халықаралық сотында ашқан ісінің отырысынан кейін келуі назар аударды.
Армения премьер-министрінің ойынша Армения мен Әзербайжан бір-бірінің территория тұтастығын өзара мойындайды. Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны айқындайтын саяси фактор ретінде 1991 жылы Қазақстанның Алматы қаласында қол қойылған декларацияны қабылдайды. Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік үшін қажетті үшінші принцип ретінде аймақтық байланыс пен коммуникацияның елдердің егемендігі, құқықтың үстемдігі және теңдігі негізінде қайта жандануы керектігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Джевдет Йылмаз Түрікменстанға барады
Йылмаз ертең Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.

Сауда-экономикалық қатынастар артуда
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды табысты түрде тартуда.