"Әзербайжанмен бірге жұмыс істеп жатырмыз" деді
Лавров журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қарабахтағы қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін Әзербайжанмен бірге жұмыс істеп жатқандарын айтты.
Лавров Сочиде өткен халықаралық «Валдай» пікірталас клубының жыл сайынғы жиналысы аясында Әзербайжанның Қарабах аймағындағы жағдайға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қарабахтағы жұмыстардың жалғасып жатқанын айтқан Сергей Лавров “Біз әзербайжандық әріптестерімізбен және көршілерімізбен Қарабахтағы жағдайды тұрақтандыру, ондағы сенімді нығайту, әзербайжандар мен армяндардың ортақ өмірін жалғастыруға жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ереван да бұл мәселеге қызығушылық танытады деп үміттенемін” деді.
Ұқсас жаңалықтар

"Түріксой баспасөз сыйлықтары" табыс етілді
Түріксой "2023 Баспасөз сыйлықтары" Әзербайжанның Шуша қаласында табыс етілді.

Бірыңғай уақыт белдеуі қолданылатын болды
2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) енгізіледі.