СКТР президенті Эрсин Татар Ердоғанға алғыс айтты
Татар «Президент Ердоғанға өз атымнан және Кипр түрік халқының атынан алғыс айтқым келеді»деді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар, СКТР премьер-министрі Үнал Үстел және СКТР Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші отырысында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Солтүстік Кипр Түрік Республикасын таныңдар» деген үндеуіне орай Ердоғанға алғыс айтты.
Эрсин Татар «X» әлеуметтік медиа платформасында жасаған мәлімдемесінде президент Ердоғанның Кипр мәселесінің 60 жылдығында халықаралық қауымдастықты СКТР-ның тәуелсіздігін тану арқылы дипломатиялық, саяси және экономикалық байланыстар орнатуға шақырғанын түсіндірді.
Татар «Президент Ердоғанға өз атымнан және Кипр түрік халқының атынан алғыс айтқым келеді»деді.
Премьер-министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда СКТР премьер-министрі Үнал Үстел БҰҰ Бас ассамблеясында Кипр түрік халқының күшті дауысы болған, халықтың үні мен әділдігін тағы бір рет бүкіл әлемге естірткен Ердоғанға алғыс айтты.
Үстел «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас Ассамблеясында «Солтүстік Кипр Түрік Республикасын таныңдар» деген үндеу тастады. Үндеуіне орай президент Ердоғанға алғыс айтамын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстандағы референдум ашық өтті" деді
Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бақылау миссиясы Қазақстандағы референдум ашық өткенін хабарлады.