Қазақ балуан - әлем чемпионы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтын медаль жеңіп алған спортшыны құттықтады.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтын медаль жеңіп алған спортшыны құттықтады.
Қазақстандық спортшы Ризабек Айтмұхан Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
92 келіде сынға түскен Айтмұхан финалда әзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен белдесті. Қазақстандық палуан 4-2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеңісімен құттықтады.
Тоқаев Айтмұханның Қазақстан тарихында бұл жеңіске қол жеткізген тұңғыш спортшы екенін атап өтіп, «Бұл тарихи жетістік» деді.
Сондай-ақ ол спортшының бұл жеңісі күреске жас ұрпақтың құлшынысын арттыруға септігін тигізетініне сенетінін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Сауда-экономикалық қатынастар артуда
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды табысты түрде тартуда.