Қуанышбек Өмірәлиев  Брюссельде

Түрік Мемлекеттер Ұйымының  Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев Брюссельдегі ЕО мекемелерін аралады.

2007179
Қуанышбек Өмірәлиев  Брюссельде

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (TМҰ)  Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев TМҰ мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында мықты негіз құру мақсатында Бельгияның астанасы Брюссельдегі ЕО мекемелерін аралады.

Түркияның Еуроодақ жанындағы тұрақты өкілі Фарук Каймакжы Бас хатшы Өмірәлиевтің Брюссель сапарына байланысты қонақасы берді.

Қонақасына  TМҰ-на мүше және бақылаушы елдердің елшілері, сондай-ақ ЕО комиссиясының, Еуропарламенттің, ЕО Кеңесінің өкілдері және көптеген қонақтар қатысты.

Қонақасында сөз сөйлеген Өмірәлиев Еуроодақ мекемелерін аралаған алғашқы TМҰ Бас хатшысы екенін айтып, «Бұл сапар TМҰ-ның өз аймағында және халықаралық аренадағы саяси рөлінің артқанының көрсеткіші» деді.

Омірәлиев ТМҰ-ЕО қарым-қатынастары үшін берік негіз құру және ЕО мекемелерімен ынтымақтастық орнату үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Түркияның Еуроодақ жанындағы Тұрақты өкілі Каймакжы да түркі қауымдарының тек Орталық Азия мен Анадолыда ғана емес, Украина, Балқан және Еуропа сияқты кең географияда орналасқанын еске салды.

Каймакжы «Орталық Азия мен Түркі әлемі Еуропа үшін, әсіресе көлік және энергетика, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты салаларда маңызды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар