Қазақстанда Халықаралық Астана форумы басталды
Форумның беташарында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумның мақсаты мен міндеттерін қорытындылады.

Қазақстанның бас қаласы Астанада Халықаралық Астана форумы басталды.
Форумның беташарында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумның мақсаты мен міндеттерін қорытындылады.
Тоқаев форум аясында әлемдегі жағдай талқыланып, кездесетін негізгі сын-қатерлер мен дағдарыстар анықталатынын, өзара ынтымақтастық рухымен диалог арқылы осы қиындықтарды еңсеруге күш салынатынын мәлімдеді.
Өмір тіршілігі үшін жаһандық жүйенің баршаға қызмет етуі керектігін атап айтқан Тоқаев: «Жаһандық жүйе азсандыларға емес, көпшілікке бейбітшілік пен байлық әкелуі керек» деді.
Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғаннан бері қалыптасқан әлемдік тәртіп негіздерінің күйреуіне куә болғандарын атап өткен Қазақстан президенті: «Ковид-19-дан қарулы қақтығыстарға дейінгі жаңа дағдарыстар халықаралық экожүйеге қауіп төндірді» деп көрсетті.
Сонымен бірге Тоқаев Қазақстан геосаяси күйзелістерге қарамастан Орталық Азиядағы экономикалық күш ретінде қызмет етуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» деген тақырыппен ұйымдастырылған форумда 4 негізгі жаһандық мәселе талқыланады.
Олар: Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; Халықаралық даму және тұрақтылық, Энергетика және климаттың өзгеруі, Экономика және қаржы.
Жоғары деңгейдегі іс-шаралар геосаяси дағдарыстардың шиеленісуіне байланысты сын-қатерлерге жауап іздеу және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерін түбегейлі өзгерту үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Форумға Катар әмірі, Қырғызстан президенті, Өзбекстан премьер-министрі, сондай-ақ дипломаттар, кәсіпкерлер мен ғалымдарды қамтыған 1000-нан астам делегат қатысуда.
40-тан астам панельдік сессия өтетін форум екі күнге жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

Брюссельде Әзербайжан мен Армения арасында кездесу болады
Кездесуде 5 қазанда өтетін кездесуге дайындық барысы талқыланады.

Астанада түрік фильмі көрсетілді
«Соңғы хат» атты түрік фильмі өнер сүйер қауымнан жоғары баға алды.