Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы қабырға құлады
Өзбекстан мен Қырғызстан ортақ шекарасының Бекабад-Ханабад өткелінде тұрғызылған қабырға құлатылды.

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткелде тұрғызылған қабырға құлатылды.
Өзбекстанның Әндіжан мен Қырғызстанның Жалалабад арқылы өтетін ортақ шекарасының Бекабад-Ханабад өткелінде тұрғызылған қабырға қиратылды.
Аталған қабырға 2010 жылы Өзбекстанның өткелін жабу мақсатымен салынған.
Қырғызстан Шекара бөлімшелері жасаған мәлімдемеде 2010 жылы Қарасу мен Қарабағыс өткелдерінің, сондай-ақ аталған шекара қақпасының өзара өтуге жабылғаны еске салынып, тараптардың шекара . қақпаларын ашуға бағытталған жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.
2016 жылы президент Шавкат Мирзиеев билікке келгеннен кейін көршілерімен қарым-қатынасын жақсарта бастаған Өзбекстан көршілес елдермен әртүрлі жағдайларда жабылған шекара қақпаларын қайта ашуға әрекет жасады және осы аяда шекара қақпалары қайта ашылды.
Ұқсас жаңалықтар

Астанада түрік фильмі көрсетілді
«Соңғы хат» атты түрік фильмі өнер сүйер қауымнан жоғары баға алды.