Қазақстан басшысы Ердоғанды құттықтады

Қазақстан мемлекет басшысы Түркия Президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

1992519
Қазақстан басшысы Ердоғанды құттықтады

Қазақстан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстан  басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті. Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Ол Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия Президенті Тоқаевқа алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, кеше Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар