Өмірәлиев Әзербайжанды тәуелсіздік күнімен құттықтады

ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев құттықтау жариялады.

1991937
Өмірәлиев Әзербайжанды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев Әзербайжанда 1918 жылы 28 мамыр күні жарияланған тәуелсіздіктің 105 жылдығымен құттықтады.

Өміралиев мәлімдемесінде Әзербайжанның 1918 жылы тәуелсіздік жариялауының түрік және ислам әлеміндегі тұңғыш демократиялық республиканың құрылуы тұрғысынан маңыздылығына назар аударып, «Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіргеннен бері саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткізген Әзербайжан Республикасы Президенті Ильхам Әлиевтің аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған ұтымды және дәйекті саясатының арқасында одан да жетіліп, маңызды актерге айналды. Осы орайда Әзербайжан Республикасының Түрік мемлекеттері ұйымына үздіксіз қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіріп, барша Әзербайжан халқына бақыт пен амандық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар