Қазақстандық Елена Рыбакина Римде чемпион болды

Қазақстандық Елена Рыбакина Римде өткен мастерс теннис турнирінде чемпион атанды.

1988895
Қазақстандық Елена Рыбакина Римде чемпион болды

Римдегі мастерс теннис турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сында финалда 7-ші номерлі қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қарсыласы 30-шы номерлі Ангелина Калинина екінші жарыста жарақат алып, ойынды жалғастыра алмағандықтан чемпион атанды.

Италияның астанасы Римдегі "Foro Italico" кешенінде сазды корттарда биыл 80-ші рет ұйымдастырылған турнирде әйелдер арасындағы жекелей категорияда финалдық матч өтті.

Елена Рыбакина Орталық кортта ойналған әйелдер арасындағы жалғыз финалдың бірінші сетінде 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың екінші кезегінде Рыбакина 1:0 есебімен алға шыққан кезде украиналық Калинина жарақат алып, матчты жалғастыра алмайтынын айтып,  жарыстан шегінді.

Елена Рыбакина осылайша өзінің спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс турниінің чемпионатында бақытты нәтижеге жетті.

Рыбакина Римде жеңіп алған бұл чемпионатта әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 4-ші орынға көтеріледі.

Сол сияқты украиналық спортшы Калинина Римдегі финалда өнер көрсеткендіктен 30-орыннан 25-орынға көтеріледі.



Ұқсас жаңалықтар