Ильхам Әлиев Литва президентімен кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен бейбіт келісімге қол қою керек екеніне сенетіндерін айтты.

1989294
Ильхам Әлиев Литва президентімен кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның Әзербайжан жерлерін 30 жыл бойы жаулағанына және аймақты ауыр зақымдағанына қарамай осы елмен бейбіт келісімге қол қою керек екеніне сенетіндерін, бұл үшін күш салып жатқандарын айтты.

Әлиев Литвадағы байланыстары аясында президент Гитанас Науседамен кездесті.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Әзербайжан президенті Әлиев Армениямен бейбіт келісімге келу келіссөздеріне баға берді. 

Әзербайжан президенті Әлиев:

"Келіссөздер Кавказға ұзақ мерзімді бейбітшілік әкеледі деп үміттенеміз. Әзербайжан жерлері шамамен 30 жыл бойы Арменияның жаулап жатқанына, басып алу салдарынан 1 миллион Әзербайжан халқының өз жерлерін тастап кеткеніне, басып алынған жерлердегі инфрақұрылымды жаулап алушылардың күйреткеніне қарамай, бейбіт келісімге қол қоюдың сөзсіз іске асуы керектігіне сенеміз. Осы мақсатқа жету үшін сындарлы күш салуға талпынудамыз. Әрине бұл келісім халықаралық нормалар мен қағидаларды қамтуы керек" деп баса көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар