Си Цзиньпин мен Бердімұхаммедов Сианьда кездесті
Қытай-Орталық Азия саммиті тарихи Жібек жолының бастау нүктесі саналатын Қытайдың Шааньши уәлаятының орталығы Сиань қаласында өтуде.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай-Орталық Азия саммитіне қатысу үшін еліне келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовпен кездесті.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда кездесуде Си Цзиньпин Түрікменстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 1992 жылдан бері өзара сыйластық пен пайдаға негізделген ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанын, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін білдірді.
Бердімұхамедовтың қаңтарда Қытайға жасаған сапары кезінде екі елдің қарым-қатынастарын «жан-жақты стратегиялық серіктестікке» көтергенін еске салған Си Цзиньпин Қытай мен Түрікменстан халықтарының игілігі үшін ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін баса айтты.
Қытай мен Орталық Азиядағы 5 республиканың басын қосатын Қытай-Орталық Азия саммиті тарихи Жібек жолының бастау нүктесі саналатын Қытайдың Шааньши уәлаятының орталығы Сиань қаласында өтуде.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин үй иесі болған саммитке Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Имамали Рахман, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар

Стамбулдан Астана мен Алматыға ұшатын ұшақ саны артады
Азаматтық авиация комитеті «Turkish Airlines» басшылығымен кездесті.