СКТР президенті Татар БҰҰ арнайы өкілі Стюартты қабылдады

Кездесудің артынан мәлімдеме жасаған Татар тең егемендік құқығына тоқталды.

1987473
СКТР президенті Татар БҰҰ арнайы өкілі Стюартты қабылдады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Кипр түрік халқының тең егемендік құқығы мен халықаралық мәртебесі мойындалып, бекітпейінше ресми келіссөз үдерісін бастаудың мүмкін еместігін мәлімдеді.

Татар Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының Кипр бойынша арнайы өкілі Колин Стюартты бас қала Лефкоша да (Никосия) президенттік сарайда қабылдады.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Татар екі халықтың тең егемендік құқығына тоқталды.

Кипр түрік халқының егемендік теңгерімінің мойындалу керектігін баса айтқан Татар СКТР-ның халықаралық мәртебесін мойындап, бекітпейінше келіссөздерді бастаудың мүмкін еместігін баса айтты. Татар «Кипрдегі болмысымыздың жалғасуы, бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздіктің орнауы және екі тең тараптың ортақ мәмілеге келуі шарт. Ол үшін тең егемендік құқығы мен ұлттық мәртебе маңызды» деді.

СКТР-ның әрдайым келіссөзді жақтағанын атап көрсеткен Татар Еуроодақтың (ЕО) Кипр мәселесіне араласу ниетінен туындаған мазасыздықты да БҰҰ-ға жеткізгендерін білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Кипр арнайы өкілі Колин Стюарт кездесудің сындарлы өткенін білдіріп, «Бұл үдерісте Кипр мәселесінде оң қадамдар басылатынына үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар