ХҚТУ-да медициналық зертхана ашылды

ХҚТУ-нің медицина факультеті ауруханасында «Оқу, ғылыми-зерттеу және қызмет көрсету зертханасы» ашылды.

1986749
ХҚТУ-да медициналық зертхана ашылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дамуын жалғастыруда.

Университеттің Медицина факультеті ауруханасында «Оқу, ғылыми-зерттеу және қызмет көрсету зертханасы» ашылды.

Облыста алғаш болып ашылған зертхана Түркістан халқына қызмет етіп, білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін пайдаланылмақ.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Оқу, ғылыми-зерттеу және қызмет көрсету зертханасы» ашылды.

Соңғы үлгідегі технологиялық құрылғылармен жабдықталған зертхананың ашылу салтанатына университет ректорының орынбасары профессор, доктор Пеями Баттал, Медицина факультеті ауруханасының қызметкерлері мен сарапшылар қатысты.

Ректордың орынбасары Түркістан халқына қызмет ете отырып, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланылатын зертхананың облыста алғаш ашылып отырғанына назар аударды.

Баттал зертхананың әлеуетін болашақта арттырып, зертхананың ұлттық және халықаралық ғылыми жұмыстарда да пайдалануды нысанаға алғандарын білдірді.

Ашылу салтанаты аясында «12 мамыр Дүниежүзілік медбикелер күніне» орай университет ауруханасында жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар