Гейдар Әлиев 100 жылдығында еске алынды

Ильхам Әлиев Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қарабахтың символдық  қаласы Шушадан халыққа үн қатты.

1984768
Гейдар Әлиев 100 жылдығында еске алынды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанды стратегиялық Орта дәліз жобасынан шығаруды ойлағандардың мақсатына жете алмайтынын атап көрсетті.

Әлиев Әзербайжанның бұрынғы президенті және ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қарабахтың символдық  қаласы Шушадан халыққа үндеу жасады.

Әзербайжанда Гейдар Әлиевті құрметпен және ризашылықпен еске алғанын айтқан президент Әлиев ұлттық көшбасшының өмірі мен қызметі, Әзербайжан үшін жасаған еңбектеріне тоқталды.

Әзербайжанның қазіргі саясатының негізін Гейдар Әлиев қалағанын атап көрсеткен президент Әлиев:

«Бүгін Әзербайжан Еуразияның көлік орталықтарының біріне айналды. Гейдар Әлиев кезінде Әзербайжанда «Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізі» атты үлкен халықаралық конференция өтті. Сол кезде «Орта дәліз» қаланған болатын. «Кейбірлер мұны қаламады. Өкінішке орай, бүгін де оны қаламайтындар бар. Әзербайжанды бұл стратегиялық жобадан тыс қалдырғысы келетіндердің мақсаты іске аспайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар