Авиацияда ынтымақтастық

Қазақстан премьер-министрі Серкан Каптанды қабылдады.

1982647
Авиацияда ынтымақтастық

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Түркияның «TAV Airports» холдингінің президенті Серкан Каптан бас қосты.

Тараптар  авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов Түркияның Қазақстанның сауда-экономика, инвестиция, сондай-ақ көлік саласындағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Біз еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Бүгінде үкімет алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр» деді ол.

Премьер-министр «TAV Airports» холдингінің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды деп атап өтті. «Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі стратегиялық маңызы зор. Жаңа терминал құрылысы жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көрсетеді деп күтеміз» деді Қазақстан премьер-министрі.

Серкан Каптан болса компанияның Қазақстандағы қызметі мен өндірістік мәселелері жайлы, сонымен қатар елдегі басқа да авиация жобаларына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар