Ибрахим Күлшімбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Режеп Тайып Ердоған Ибрахим Күлшімбаевқа «Ерлігі үшін» медалін Президенттік сарайда өткен салтанатта табыс етті.

1979872
Ибрахим Күлшімбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сыйлықты Президенттік сарайда өткен салтанатта табыс етті.

Түркия Президенттік сарайында 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияда болған жойқын жер сілкінісінде іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
80-нен астам елден өкілдер қатысқан салтанатты шарада Ердоған Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаевқа «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалін табыс етті.
Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Күлшімбаев марапатқа ризашылығын білдіріп: «Бауырлас түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Құтқаруға атсалысқандардың барлығына, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа рахмет. Біз Түркия халқының табиғи апаттан келген жараларды тез арада емдейтініне сенеміз» деді.
Түркияның үш аймағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қазақстандық топ 7 адамды аман алып қалды. Үйінді астынан 88 адамның жансыз денесі шығарылды, оның 10-ы балалар.
Қазақстандық команда қолмен де, инженерлік-құтқару техникасымен де 250 мың текше метрден астам қоқыс шығарды.



Ұқсас жаңалықтар