31 наурыз - Әзербайжандардың геноцидке ұшыраған күні

1918 жылы Әзербайжанда армяндардың жасаған зұлымдықтары мен қырғындары «геноцид» болып саналады.

1968081
31 наурыз - Әзербайжандардың геноцидке ұшыраған күні

Армян қарақшылары тарапынан 1918 жылы жылы қырғын жасалған. Бұл қырғында  50 мың адам құрбан болған еді. Бүгін  құрбан болғандарды «Әзербайжандардың геноцид күнінде» еске алынуда.

Әзербайжан аумағында 105 жыл бұрын армян қарақшылары жасаған қырғын «ел тарихындағы ең жойқын қырғындардың бірі» ретінде қарастырылады.

20 ғасырдың басында Патшалық Ресейдің соңғы кезеңдерінде Әзербайжанның әртүрлі аймақтарына қоныстанған армяндар билік вакуумын пайдаланып, әзербайжандарды қырғынға ұшыратып, жерлерін тартып ала бастады.

1905 жылдан бері ұйымдасқан және қаруланған армяндар әзербайжандарды үркіту үшін барлық аймақтарда, әсіресе Баку көшесін ойран-топыр етті.  

1917 жылы Ресейдегі революциямен патша өкіметі құлатылды. Билікке келген большевиктер Бакудегі әкімшілікті де өз қолдарына алды. Большевиктердің армян көсемі Степан Шаумян армян қарақшыларына саяси және материалдық қолдау көрсетті, сондықтан әзербайжандарға қарсы шабуылдар көбейді.

Армян және большевик қарақшылары 1918 жылы 30 наурыз – 3 сәуірде Баку, Шамахи, Губа, Хачмаз, Лэнкаран, Хаджиғабул, Салян, Зәңгезур, Қарабақ, Нахчыван және басқа облыстарда 50 мың әзербайжанды өлтірді.

 «Кавказ ислам армиясы» деп аталатын Османлы әскері Әзербайжанға көмекке келіп, елді қарақшалардан тазарткмен қырғын аяқталды.

1918 жылы Әзербайжанда армяндардың жасаған зұлымдықтары мен қырғындары «геноцид» болып саналады.



Ұқсас жаңалықтар