Қазақстанда үкімет өкілеттігін доғарды
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Әлихан Смайылов үкіметі өз міндеттерін атқаратын болды.
1966861

Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілеттігін доғарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты. «Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», - деді президент.
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Әлихан Смайылов үкіметі өз міндеттерін атқаратын болды.