Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы тасымалданады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыр желісінен жылына 20 миллион тоннаға мұнай жолдауды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

1966434
Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Джейхан  арқылы тасымалданады

Қазақстан сәуір айында Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі арқылы 125 мың тонна мұнай жіберуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының (ҚазТрансОйл) мәлімдемесінде Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау портынан елдің Теңіз мұнай кенішінен шамамен 10 мың тонна мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі арқылы тасымалдау үшін Әзербайжанның Президент Гейдар Әлиев танкеріне жөнелтілгені хабарланды. 

Мәлімдемеде аталған бағытпен осы айдың соңына дейін 10 мың тонна Қазақстан мұнайының жөнелтілетіні атап өтілді және «2023 жылы сәуір айында Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы жоспарланған мұнай тасымалдау көлемі 125 мың тонна» деп көрсетілді.

Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Қазақстан мұнайының алғашқы бөлегінің 23 наурызда Ақтау портынан Санғашал терминалына танкермен тасымалданғанын хабарлады.

Мәлімдемеде жүк жөнелту "SOCAR" мен қазақстандық «ҚазМұнайГаз» компаниясы арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылып, жылына 1.5 миллион тонна мұнай өткізуді көздейтіні атап өтілді.

Ресей-Украина соғысына байланысты мұнай экспортының жаңа бағыттарына бет бұрған Қазақстан үкіметі 2023 жылдан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы Каспий теңізінен мұнай тасымалдауды бастайтынын және Баку-Супса және Баку-Батуми құбыр желілері бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыр желісі орналасқан Транскаспий Халықаралық қатынас желісінде (Орталық дәліз) мұнай тасымалдау көлемін жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар