Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан құбырымен жөнелту басталды

Бұл туралы Әзербайжанның «SOCAR» мемлекеттік мұнай компаниясы хабарлады.

1965696
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан құбырымен жөнелту басталды

Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан құбырымен жөнелту басталды.

Қазақстан мұнайының бірінші партиясы 23 наурызда танкермен Ақтау портынан Санғашал терминалына тасымалданғаны хабарланды.

Бұл туралы Әзербайжанның «SOCAR» мемлекеттік мұнай компаниясы хабарлады.

Әзербайжан мұнай компаниясы 23 наурызда Қазақстанның Теңіз кен орнынан өндірілген мұнайдың бірінші партиясы Ақтау портынан Санғашал терминалына танкермен тасымалданғанын хабарлады.

Тасымалдау «SOCAR» мен Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы жылына 1,5 миллион тонна мұнай өткізуді көздейтін келісім аясында жүзеге асырылды.

2023 жылдың соңына дейін Каспий теңізі арқылы ай сайын 12-14 танкер рейсі жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі биылдан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы Каспий теңізінен жүк тасымалдауды бастайтынын мәлімдеген болатын.

Қазақ үкіметі сонымен қатар Баку-Супса және Баку-Батуми құбырлары арқылы жеткізу бойынша жұмыс істеп жатқандарын хабарлады.

Қазақстан мұнайының 80 пайызға жуығы айдалатын Каспий құбырының жұмысы Ресей-Украина соғысына байланысты бірнеше рет тоқтап қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар